МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған 4 жоба жүзеге асады

Антон Федяев – облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы.

– 2 жоба сумен жабдықтау желілерін алмастыруға қатысты. Оған 500 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Яғни жұмыстар Алтынсарин мен Универнальный көшелерінде жүргізілетін болады.


Соңғы жылдары өңірде құрылыс саласы қарқын алғаны жасырын емес. Бұл ретте жаңадан тұрғызылып жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаңа көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету керек. Бұл мақсатқа 1,5 миллирд теңгеге жуық қаржы қарастырылып қойған.

Антон Федяев – облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы.

– Жас өркен шағын ауданында спорт сарайы мен көпқабатты үй тұрғызылып жатыр. Берекеде де бірнеше баспана бой көтеруде. Мұнымен қоса Алтынсарин көшесіндегі нөмірі бірінші жылу магистралін қайта қалыпқа келтіру қажет. Міне осы сынды жұмыстар жүргізіледі. Үкіметтің қаулысы шықса, барлық жобалар жақын уақытта басталады. Және оларды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

Айта кету керек, барлық жұмыстарға деп Ұлттық қордан бөлінген қаржы жеңілдетілген несие түрінде берілмек. Оны 20 жыл ішінде қайта мемлекетке қайтару көзделген.

Джакупов Самат.