Мәдениет

Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Татьяна Якушева байқауға Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің намысын арқалып келген. Ол сахнада шырқаған “Огонек” әні махаббат пен Отанға деген адалдық жайында.

Татьяна Якушева, ПҚЭК студенті.

-Жүрекжұтқан елге адал аталарымыз бен апаларымыз өмірін аямай, біз үшін күресіп, жерімізді жаудан аман сақтап қалды. Біз қазір солардың арқасында бейбіт күнде өмір сүрудеміз. Менің оларға алғысым шексіз. Мен тәуелсіз Қазақ елінде өзге ұлтпен тең шаттықта өмір сүріп жатқаныма қуанамын.

Өнерден әркімнің бар таласы демекші, бірі әділқазылардың көңілін киім үлгілерімен табамын десе, енді бірі ән таңдаудан жаңылмады.

Илья Яшенькин, СҚ медициналық колледжінің студенті.

-Өз басым жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелейтін шараның көп болғанын қалаймын. Мен Отан, туған жерге сағынышты, сүйіспеншілікті жеткізетін әндерді айтқанды ұнатамын. Сен еліңді, халқыңды қаншалықты дәрежеде сүйсең, әнді де соншалықты деңгейде жүрекпен жеткізуге тырысасың.

Байқауда үміткерлер соғыс жылдарындағы әндермен қатар заманауи патриоттық сарындағы шығармаларды өзі қалаған тілде шырқай алды.

Конкурсанттардың өнерін кәсіби мамандар бағалады. Жалпы осы күні сахнада туған жерге деген махаббат, ұлттар достастығы мазмұнындағы 22 ән шырқалды. Нәтижесінде жеңіс медициналық колледжінің дуэтіне бұйырды. Келесі орынға М.Жұмабаев атындағы колледжінің студенттері жайғасты. Үздік үштікті Петропавл темір жол колледжі тұйықтады.

 

 

 

Берик Касен.