Денсаулық сақтау

СҚО иммундау апталығы басталды

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Иммундау науқаны полиомиелит, дифтерия, сіреспе, жұлын қабынуы, қызылша сынды адамның өміріне қауіп төндіретін ауруларды алдын-алуға мүмкіндік береді. Бүкіл дүниежүзінде өткізілетін бұқаралық иммундау жыл сайын қызылшадан 1 млн. баланың, сіреспеден 300 мың, туа біткен қызамық синдромынан 500 мың бүлдіршінді өлімнен сақтап қалады.

Елімізде жоспарлы иммундау апталығы сәуірдің 20-сы мен 25-сі аралығында жүргізіледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 455 млн. тг. бөлініп, ауруханалар полиомиелит, сіреспе, жұлын қабынуы, қызылша сынды қауыпты дерттерге қарсы вакциналармен толық қамтылды.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Біз қазір басқа елдерден келген азаматтарды, тұрғылықты мекен-жайы жоқ, жұмыссыдарды басты назарға аламыз. Өңірімізде уақытында екпе алмаған адамдар бар. Біз солардың тұрғылықты орынын анықтап, оларға дер кезінде вакцина егуіміз қажет. Жоспарға сәйкес өңірдің 95 пайыз тұрғыны иммундау шарасына қатысуы тиіс.

Қазір жергілікті емдеу мекемелері мен екпеге арналған бекеттер өз жұмысын бастап, үлкенді-кішіге тегін түрде екпе жасауда.

Салтанат Үмітбаева, №3 қалалық емхананың эпидемиолог-дәрігері

– Ата-аналар балаларына ҚР-ның алдын ала егу күнтізбесіне сәйкес екпе жасатып отыруы тиіс. Одан бұрын баланың денсаулығын педиатрға тексертіп алған жөн. Бізде екпе жасатуға кез-келген азамат жүгіне алады. Біз олардан тұрғылықты орны мен мекен-жай анықтамасын сұратпаймыз. Вакцина егу тегін түрде жүргізіледі.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген осы болар. №3 қалалық емхананың дәлізінде ата-аналар балаларына жұқпалы ауруға қарсы екпе жасату үшін кезек құрған. Иммундау шарасына Күләш Арықова 3 жасар немересі Санжарды ертіп келіпті. Кейауна бұқаралық сипаттағы бұл науқан ұлт саулығы үшін маңызды дейді.

Күләш Арықова, қала тұрғыны

 

– Немерем алда балабақшаға барады. Онда түрлі баламен араласады. Және де қазір экология бұзылған. Балалардың біразы аурушаң болып кетті.

Сондай-ақ, осы күні 26,36,46,56 жасқа толған азаматтар дифтерияға қарсы екпе жасатуы тиіс. Екпе жасау оларға да ақысыз жүргізілмек.

Берик Касен.