Без категории

“Саланг” әскери-патриоттық клубы Естеліктерді іздеу вахтасына аттанды

Алина Хамзина, №7 орта мектебінің оқушысы, «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшесі

– Мен 10 сыныпта оқимын. «Саланг» клубының 1 жылдан бергі мүшесімін. Ол жақтағы жұмыстармен айналысыу қиынға соғатынын білемін, бірақ қолымнан келетініне сенімдімін. Өзіммен бірге жылы киімдер мен керек-жарағымды алдым. Алғашқы алыс сапарыма толық дайынмын.

Ал, Владимир Юрченко болса, топтың ең белді мүшесі. Тәжірибелі іздестіруші бұл сапарға биыл 19 рет аттанғалы тұр. Әр барған сайын түрлі тарихтың куәсі боламыз дейді. Мысалы, 2005 жылғы сапарында қырғын кезінде оққа ұшқан баланың денесін тапқан екен.

Владимир Юрченко, Петропавл қалалық білім бөлімі АӘД оқу орталығы директорының орынбасары

– Әрқашан бір нәрсе орындалмай қалған сияқты сезімде барамын. Себебі жерлеусіз қалған Отан қорғаған жауынгерлер саны өте көп. Әркім өз діни рәсімі бойынша жерленуі тиіс. Олардың денелерін жер қойнауынан көтеріп, аты-жөнін анықтап, болмаса тиесілі заттарын көбірек тауып алсақ деген ниетте бара жатырмыз.

Еске алу вахтасы мамырдың 8-не дейін жалғасады. Соңғы күні, экспедиция мүшелері қалыптасқан салт бойынша табылған сарбаздарды жер қойнауына тапсырып, Жеңіс күнін қарсы алады. Ал елге мамырдың 11-і күні оралады. Іздеушілердің алдындағы негізгі мақсат – 70 жыл жер астында жатқан жауынгерлердің аты-жөндерін анықтап, жандарын жай таптыру.

Александр Азегов, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі

– Былтырғы жылы 27 жасақ болды. 503 майдангердің мүрдесін көтердік. 26-сының ғана аты-жөнін анықталды. Оның ішінде 3-уі қазақстандық болып шықты. Біз көп жылдан бері Панфилов ауданының Василивщена селосында іздеу жұмыстарымен айналысамыз.

Тарихтың ақтаңдақтары – 1942 жылы қан-майдан орын алған далаға тез жетуге асыққан іздеушілер тобы туғандарымен қоштасуда. Маңызды сапарға Петропавл-Мәскеу бағытындағы пойызбен аттанған олар, екінші күні межелі жерге жетеді.

 

Акбопе Танирберген.