Ауыл шаруашылығы

Өңірде қой шаруашылығы дамуда

Александр Бурмаков – «Ратмир» ЖШС директоры, Айыртау ауданы

– Өз қаржымызға 98 бас қой алдық. Кейін «Аграрлық несие корпорациясынан» 5,7 млн теңге несиеге қол жеткізіп, оған «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 210 бас еділбай қойын сатып алдық. Оны біз Ақмола облысынан әкелдік. Енді, осы қаржыны 7 жыл бойы 14 пайыздық мөлшерлемемен төлейміз.

Кәсіпорын 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жазғы уақытта еңбеккерлер саны 50-ге дейін жететін көрінеді. Ал, қойларды жем-азықпен қамтып, бағуға екі адам жауапты.

Сабыртай Қожатаев – «Ратмир» ЖШС бақташысы, Айыртау ауданы

 

– Таңертең сағат 8 кезінде шөп береміз. 8 жарымда жемін береміз. Содан 12 кезінде суын береміз. Жайылымға жібереміз.

Ата кәсіпті дамытуды көздеген серіктестік келешекте қой басын 600-ге жеткізуді көздеп отыр. Ол үшін қазір ескі қораларды жөндеп, қалыпқа келтіруде.

Магжан Ахмадина.