Құқық қорғау органдары

Өңірде қару тапсыру акциясы жалғасуда

Петропавлдықтар полиция бөлімшесіне қаруларын белсенді түрде өткізуде. Жыл басынан бері тәртіп сақшыларына қала тұрғындары 272 қару тапсырған. Иван Назаров та жуырда құқық қорғау органдарына “Оса” травматикалық тапаншасын оқтарымен бірге апарып беріпті.

Иван Назаров – қала тұрғыны

– Учаскелік полицей келіп менің сейфімді тексерді және де травматикалық тапанша мен аңшылық қарудың сақталуын қарады. Кейін акция аясында тапаншаны құқық қорғау органдарына тапсыруды ұсынды. Мен бірден келісімімді бердім. Өйткені, ол қарудың маған қажеті жоқ.

Қарудың өтемақысын төлемес бұрын, тәртіп сақшылары бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның техникалық жағдайын анықтайды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне өткізілген травматикалық қарудың төлемақы мөлшері 10 миллион теңгеден асқан.

Ринат Багаутдинов – Петропавл қаласы ІІБ аға инспекторы

– Заң бойынша қару тапсырған тұлғаға ақшалай сыйақы беріледі. Қазір ІІБ-ның қызметкерлері үй-үйді аралап, осы акция жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаруды құқық қорғау органдарына тапсырам деген азаматтар М.Жұмабаев көшесі, 118 мекен жайы бойынша орналасқан қалалық ІІБ-ндағы 112-ші кабинетке келе алады.

Қаруды тапсыру акциясы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

 

Акбопе Танирберген.