Мәдениет

Балалар мен жасөспірімдер арасында “Глория” авторлық әндер байқауы өтті

Юлия Мазина – «Союз автор» шығармашылық бірлестігінің мүшесі, Петропавл қаласы.

-Клубтың құрамында болу және байқауларда өз мүмкіндігімді сынау маған қатты ұнайды. Біз фестивальға қатысу үшін түрлі қалаларға барамыз.

Авторлық әндер фестиваліне бард әншілер бұл жолы Астана, Ресейдің Новосібір, Новоорал қаларырынан, Свердлов облысынан және Татарстаннан да қатысты. Байқауда барлығы 80-ге жуық сайыскер бағын сынады. Солардың бірі Павел Фахртдинов сонау Мәскеуден келіпті.

Павел Фахртдинов – автор – орындаушы, Мәскеу қаласы.

-Бұл жерге талантты азаматтар жиналған екен. Мұндай кездесулер шығармашылық бағытта бірлесіп еңбек етуге септеседі.

Сайыскерлердің көбі орындаған туындыларды өздері жазған. Елордадан келген қонақтардың дуэт болып айтқан әні қайталанбас сипатымен ерекшеленді.

Борис Ипатов – автор-орындаушы, Астана қаласы.

-Бұл ән әуелде өлең ретінде дүниеге келді. Онда өмірдегі белгісіздік сезімі белең алады. Яғни, ол дүние мен үшін, міне мынадай метафора ретінде көрініс тапты.

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы “Глория” авторлық әндер фестиваліне қатысушылардың өнері 5 номинация бойынша бағаланды. Олар «Автор», «Орындаушы», «Дуэт», «Әскери ән» және «Ансамбль» деп аталады.

Авторлық әндер байқауы Ұлы Жеңіс күні мен Юрий мен Надежда Ткаченко атындағы “Союз автор” клубының 25 жылдығына арналды.

Данаш Хамзина.