МТРА жаңалықтары

Әскерге шақыртуды елемегендер мемлекетке 2 млн теңге көлемінде айппыұл төлемек

Мақсат Мұқанов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары.

– Бүгінгі таңда ҰҚК Шекара қызметіне 100-ден астам азаматтарымыз аттандырылды. Жалпы енді қарулы күштеріне, мамыр мен маусым айларында ҚР ІІМ Ұлттық ұланына азаматтарды дайындап жатырмыз. Қазіргі уақытта жастарымыз медициналық комиссия, психологиялық тексеруден өтуде.

Әскерге шақыртушыларға арналған құқықтық заңға биылдан бастап өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Енді бұдан былай әскерге шақыртушы қағазын елемеген азаматтар мемлекетке 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Айжан Аманғожанова – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заңгер кеңесшісі.

– Мұндай азаматтар әкімшілік не болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Атап айтсақ, оларға 1 миллион 982 мың теңге көлемінде айппұл салынады. Егер әскерге шақыртушы оны төлей алмаса, түрлі жұмыстарға тартылатын болады. Ал онымен келіспесе, 1 жылға қамауға алынабақ. Заң сондай. Сондықтан біз жастарымызды бұл мәселеге бейжай қарамаса дегіміз келеді. Әскери комиссиариатқа шақытылған күні келгендері абзал.

Көктемгі әскерге шақырту науқаны 1-ші маусымға дейін жалғасатын болады.

Джакупов Самат.