МТРА жаңалықтары

С.Мұқановтың 115 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Аманжол Есмағұлов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекетік университетінің доценті

– С.Мұқанов кезінде Ы.Алтынсариннің ұрпағы Мәриям Хакімжанованың шығармашылығын ілгерілетуге көмек берді. Қазақтың ақыны М.Жұмабаевқа баспана мен қаламақы алуға қол ұшын берді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қарағанды, Павлодар, Алматы қалаларынан келген меймандар өз баяндамаларын оқыды. Әділғазы Қайырбеков
бүгінде Алматыдағы С.Мұқановтың музей-үйіне жетекшілік етеді. Ол мұражайлардың рухани құндылықтарды сақтауда маңызы зор дейді.

Әділғазы Қайырбеков, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры, Алматы қаласы

– Халыққа 1978 жылдан қызмет көрсете бастаған мұражай қорында осы күні 8000-нан астам жәдігер сақтаулы. Оның тең жартысы кітаптар мен қолжазбалар болса, қалған 4 мыңы – мемориалдық зат.

Ал, мынау Ш.Уәлихановтың пышағы – музейдегі ең құнды жәдігерлердің бірі саналады. Оны сәулетші Шот-Аман Уәлиханов мұражайға 1978 жылы сыйға тартқан. Бұл да кездейсоқ оқиға емес, себебі С.Мұқанов – шоқантанушы. Жерлесіміз кезінде Ш.Уәлиханов жайлы 2 драматургиялық еңбек пен танымдық эсселер жазып қалдырды. Десе де, академиктің әлі де ашылмаған қырлары мен тасада қалған шығармалары жетерлік.

Әділғазы Қайырбеков, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры, Алматы қаласы

– Мысалы, 20 ғасырдың басындағы “Қазақ әдебиеті” деген еңбегі, Одан кейін 18-19 ғасырдағы Қазақ әдеби тарихының очерктері” деген еңбегі бар. Міне, осының барлығы 60-70 жыл өткенен кейін қайта басылып жатыр.

Пленарлық мәжілістен соң филология ғылымдарының кандидаттары, жазушылар мен тіл мамандары секцияларға бойынша С.Мұқановтың шығармашылығы және қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінде өзекті мәселер жайында еңбектерін оқыды. Жиында Павлодар, Көкшетау, Қарағанды және Қытайтан филологтар жолдаған баяндамалар да тыңдалды.

 

Берик Касен.