Балалар

Петропавлда “Жұлдызай” республикалық байқауының бірінші кезеңі өтті

Құдабай Илюкин – СҚО білім басқармасының бас маманы

– Конкурсқа 150 бала қатысуда. олардың барлығы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жалпы байқау 6 номинация бойынша өтуде. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Андрей Кузняков сайысқа сәндік-қолданбалы өнер аталымы бойынша қатысуда. Көрмеге жас шебер өзінің 3 туындысын ұсынған.

Андрей Кузняков – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы

– Көбіне мен картиналарды гуашь бояуымен саламын. Сурет салумен 2-ші сыныптан бастам әуестене бастадым. Бұл байқауға алғаш рет қатысып отырмын.

Республикалық байқаудың осы бірінші кезеңінде Петропавл қаласынан 18 бала таңдалып алынады.

Алтынай Тәңірберген, Астана қаласы – “Жұлдызай” корпоративтік қайырымдылық қоры директорының орынбасары

– Ел бойынша 16 қаладан 300 бала ақтық кезеңге өтеді. Кейін гран-при жеңгендер шетелдерде өнер көрсетеді.

“Жұлдызай” фестивалі Астана қаласында гала-концертпен аяқталады. Онда финалға жеткен барлық балалар отандық және де шетелдік танымал жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсетеді. Мұндай үлкен сыйды ұйымдастырушылар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне әзірлеп отыр.

 

 

Риат Шони.