МТРА жаңалықтары

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан іскер әйелдер кеңесі құрылды

Райхан Әбдірахманова – СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

– Бұл ұйым кәсіпкерлер жұмысына қарқын қосады деген ойдамын. Өйткені, біз олардың жұмысында туындаған құқықтық, экономикалық мәселелерде қолдау көрсетпекпіз. Кеңес құрамына түрлі сала мамандары енген. Сондықтан, жұмысымыз табысты болатындығына сенімдімін. Жалпы, бірлесе іс тындырсақ, шаруамыз алға басатын болады.

Кеңес құрамында, әзірге, 25 солтүстікқазақстандық нәзік жанды бар. Бүгін олар бір-бірімен танысып, өз істері жайлы баяндауда. Жалпы, алда қыруар іс атқарылуы тиіс. Тек барлығы жұдырықтай жұмыла жұмыс істесе болғаны.

Нелли Кукушкина – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры

– Осы әйелдер бизнесін дамытып, оны алға бастырту үшін бұл салада жақсы жұмыстар атқарылуы тиіс. Көбіне біздің нәзік жандылар мемлекеттік бағдарламалар жайлы білмей жатады. Сондықтан ,оларды әрдайым құлақтандырып отыру керекпіз. Алда әйелдердің ісін дамытып, оларды жаңа деңгейге шығару мақсаты тұр.

Жалпы, мұндай кеңестер еліміздің барлық аймақтарында құрылды.

 

Магжан Ахмадина.