Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев келді

Тимур Құлыбаев – ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы.

– Жыл басталып жатыр. Мұнай бағасы төмендеді. Облыстық бюджеттер қысқартылды. Көршілес Ресей Федерациясындағы жағдай мәз емес.

Жасыратыны жоқ, әлемдік дағдарыс қазіргі таңда еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен зауыттарға өзінің кері ықпалын тигізбей қоймады. Бұл ретте Тимур Құлыбаев қысылтаяң шаққа бейімделу керектігін жеткізді. Әрине, уақытша ғана. Жалпы, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы – дамудың даңғыл жолында. Кездесуде сөз алған өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов бизнес өкілдеріне мейлінше қолдау көрсетіліп жатқандығын тілге тиек етті. Аймақта жаңа өндіріс ошақтары мен тың жобалар сәтті жүзеге асуда.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Бүгінде Индустрияландыру картасына 29 жоба қосылды. Тағы 21-і алдағы уақытта енеді деген жоспар бар. Инвесторларлы тарту жұмыстарды да жалғасуда. Өткен жылы өңірде тұралап қалған 24 кәсіпорын бар екендігін анықталды. Оның тоғызын іске қостық. Қалғанына биыл қан жүгірмек.

«Мұнаймаш» АҚ-ы – бүгінде облыс орталығындағы қарқын алған кәсіпорындардың бірі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында зауыттың қуаттылығы уақыт өткен сайын артып келеді.

Сергей Григоренко – «Мұнаймаш» АҚ басқарма төрағасы

– Біздің кәсіпорын екі инвестициялық жобаны сәтті аяқтады. 2012 жылы “Өнімділік – 2020” бағдарласы бойынша жұмыс жасауға кірістік. Қазір айтарлықтай нәтиже бар. Қазір жаһандық тұрақсыздық кезінде зауытымыз тиісті деңгейде жұмыс жасауда.

Жиынның кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылуы тегін емес. Себебі, аталмыш қоғамдық ұйым, бүгінде билік пен бизнес саласы өкілдері арасындағы көпір іспеттес. Облыстық кәсіпкерлер палатасы қазіргі уақытта тоғыз басым бағыт бойынша жұмыс атқарады. Атап айтсақ: кәсіпкерлердің құқығын қорғап, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде атқарылған жұмыстарды қадағалайды. Оның үстіне бизнесмендерге қолдау танытып, әкімшілік тексерістерді азайтуға мейлінше септеседі.

Нелли Кукушкина – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры.

– Кәсіпкерлер палатасы құрылғанан бері бізге бизнес саласының 2 400 субъектісі жүгінді. Мәселелердің тең жартысы құқықтық сұрақтарға қатысты болды.

Тимур Құлыбаев мемлекеттік қолдаудың әрдайым болатындығын жеткізді. Тек қол қусырып отыруға болмайды.

Тимур Құлыбаев – ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы

– Индустриалды аймақты қарастыруымыз керек. Бізден қолдан келгенше көмек көрсетілетін болады. Жаңа жобаларды іске асыру үшін жағдай жасаймыз.

Кездесу барысында бизнесмендер тарапынан елордалық мейманға сұрақтар көп жолданды. Оның басым бөлігі Ресей рублінің құлдырауына қатысты болды. Ал кейбір кәсіпорындар болса, тығырықтан шығар жолды оңайлықпен тапқан.

Лейла Сайдашева – “Vizavi Company”ЖШС бас директоры.

– Біз жұмыс стратегиясын толық қарастырдық. Сыртқы нарықтан ішкіге көштік. Қарағанды, Астана сынды қалаларда филиалымызды аштық.

Бүгінде «Қазақстанда жасалған» акциясы бірқатар мәселелерді шешуге сеп болды. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шараның нәтижесі мол.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Биыл біз бір жылдық және көпжылдық өсімдіктерге субсидия көлемін 50 пайызға арттырып отырмыз. Оның үстіне 1 миллиард 700 миллион теңгені мал шаруашылы саласына бағыттауды жоспарлаудамыз.

Қаржы институттарының жұмысы, дуалды оқыту жүйесінің енгізілуімен кәсіпорындардың толық қуатқа көшуі. Жиында көтерілген осы сынды сауалдарға Тимур Құлыбаев тұшымды жауап берді. Осылайша, ол өңірдегі кәсіпорындар мен бизнес саласында орын алған күрмеулі мәселелер болашақта шешімін табатындығын жеткізді.

Александр Казанцев – «Вода «Хрустальная» ЖШС директоры.

 

– Өңірдегі Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына бірнеше жоба енді. Олардың саны әлі де артпақ. Жиында Тимур Құлыбаев индустриалды аймақтардың санын ұлғайту керектігін айтты. Әрине, кәсіпкерге жер учаскесі бөлініп, оған мемлекет тарапынан коммуналдық желілер тартылса, мұның өзі үлкен қолдау деуге болады.

Джакупов Самат.