Кәсіп түбі – нәсіп

Бизнес және экономика

15:14 17 Сәуір 2015

Ләззат Жұмабаева – Айымжан аулының тұрғыны, Жамбыл ауданы

– Айына бірнеше рет келіп тұрамыз. Керек-жарағымызды осы дүкеннен сатып аламыз. Тауары, яғни еттері сапалы, таза өнім. Семіз, бағасы да тиімді.

Ет дүкені өткен жылдың қараша айында ашылыпты. Нысанды жеке кәсіпкер Марат Ибраев жеке қаражаты есебінен іске қосқан. Қараусыз жатқан ғимаратты осындай ет дүкені етіп жарақтауға шамамен 100 мың АҚШ доллары жұмсалыпты. Өнім мұнда жақын ауылдардан жеткізіледі. Сөреге түспес бұрын екі рет арнайы тексерістен өткізіледі.

Марат Ибраев – “Ибраев” ЖК директоры, Жамбыл ауданы

– Дүкен сөрелеріне шығарылатынның барлығы – жаңадан сойылған малдың еті. Сондай-ақ, өзіміз жартылай фабрикаттарды да жасап, саудалаймыз. Бағалары қалта қақпайды.

Жеке кәсіпкер Марат Ибраев – осы жылы ет дүкенінің жанынан қосалқы азық-түлік дүкені мен 100 орынға шақталған шағын дәмхана ашуды ойластырып жүр. Жалпы, Жамбыл ауданында бүгінде 665 кәсіпкер тіркелген.

Қайрат Сансызбаев – Жамбыл ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы

– Ауданда өткен жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде 42 миллион теңгенің 18 жобасы мақұлданса, ал “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы арқылы 32 миллон теңгенің 3 жобасы іске асырылды. Биыл да біріншісі бойынша 6 жоба қолдау тапты. Сондай-ақ, “Бизнестің жол картасы” аясында құны 1 миллион теңгенің 1 жобасы құпталды.

Нәтижесінде, аталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Жамбыл ауданының 25 тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Бакыт Садуакасов.