Без категории

Батырлардың ерлігі – жастарға өнеге

Иван Сторожев – Ұлы Отан соғысының ардагері.

– Таң ата біз өзенді малтып өттік. Ол жерде немістердің қорғанысы болған еді. Сол кезде жаудың автоматынан біздің командиріміз көз жұмды.

Командирінен айрылған солдаттар, оның жоқтығын білдіртпей шайқасты одан әрі жалғастыра берді. Осылайша жауынгерлер өз жоспарын айтып салатын неміс азаматын іздестірді.

Иван Сторожев – Ұлы Отан соғысының ардагері.

– Мен оны жерқойманың ішінен тауып алдым. Оның ішінде шағын ғана қыстақ болғанға ұқсайды. Ауылдың ішін тінту барсында үйлердің бірінен ер баламен бір қыз баланы да кездестірдік. Олар арпа қуырып жатты.

Ардагер сол кезде балалардың сіреңкені қайдан алғандығы жайында бірнеше күн бойы ойланыпты. Ақырында оны неміс солдаттары бергендігі анықталады. Осылайша жауынгер жастарды өзімен бірге бөлімшеге алып кетеді. Өкініштісі сол, қыз бала жолда мерт болады. Белгіленген нүктеге тек 40 майдангердің 12-і ғана дін аман жетеді. Сөйтіп, шағын құрамға жаңа тапсырма беріледі. Ал Иван Сторожев аталған операцияны орындауда взвод командирдің көмекшісі атанады.

Иван Сторожев – Ұлы Отан соғысының ардагері.

– Күндізгі уақытта немістердің қорғанысына қарай беттедік. Олардың күші бізге қарағанда әлдеқайда басым болды. Міне осы ұрыста біздің екі жауынгер жарақат алды.

Оның бірі осы Иван Сторожев болатұғын. 9 ай бойы оған ауруханада ем қабылдауға тура келеді. Сауыққанына қарамастан, алған жарасына байланысты майданға оралу мүмкін болмады. Соғыстан соң, азамат ауылшаруашылығы саласында басқарушы лауызымдарда қызмет атқарады. Қазір ардагердің кеудесі түрлі марапатқа толы. Соның ең қымбаты -«Ерлігі үшін» медалі мен «2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені.

Джакупов Самат.