МТРА жаңалықтары

Әскерге шақырылушылардың бір легі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Ақылбек Қайыржан

– Қазақстанның кең-байтақ жерін, тұтастығын қорғау – еліміздің әр азаматының парызы деп білемін.

Шынар Елибаева бүгін ортаншы ұлын әскерге шығарып салуға келіпті. Тұңғышы да қазір ішкі әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеуде.

Шынар Елибаева – ата-ана

– Ұлым әскер қатарына аттанғалы жатыр. Шақырылушылар аманесен туған жеріне оралуларын тілемін.

Қазіргі таңда әскери борышын өтеуге шақырылушыларға қойылатын талап жоғары. Әр сарбаздың жеке ісін зерделеу барысында олардың дене дайындығынан бөлек, мамандығы мен психологиялық жағдайына да назар аударылады. Осы жолы Отан алдындағы міндетін атқаруға өңірден сарбаздардың екінші легі аттанғалы жатыр.

Мақсат Мұқанов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары

– Тапсырма бойынша биылғы көктемгі науқанда біздер 700 сарбазды әскер қатарына жіберу керекпіз. Осыған дейін 3 әскер қатарына жіберген болатынбыз.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны шілденің 1-не дейін жалғасады.

 

 

Бакыт Садуакасов.