Бизнес және экономика

Жиһаз шығаруды оң жолға қойған жеке кәсіпкер

Константин Воропаев – “Лагода” ЖК жиһаз құрастырушысы, Жамбыл ауданы

– Осында қызмет етіп жүргеніме 4 жылдан асып кетті. Жұмысым жаман емес. Жалақыны да уақытылы төлеп тұрады. Қалғаны өзіңе байланысты.

Дайын болған жиһаздар жеке кәсіпкердің дүкеніне жайғастырылады. Бұл жерде аудан тұрғындарына таңдау көп. Қарапайым орындықтан кереует, жұмсақ және ас үй жиһазы, тағысын тағы. Бүгін таңсәріден Елена Газиева – үйіне қажетті бұйым алуға келіпті.

Елена Газиева – сатып алушы, Жамбыл ауданы

– Өз басым, бұл дүкенге мүмкіндігінше жиі келуге тырысамын. Таңдау көп. Оған қоса тауарға кепілдік береді. Қалтаңда қаражатың болмаса, жиһазды несиеге ресімдеуге де мүмкіндік бар.

Жеке кәсіпкер Владимир Лагода бизнеске 2005-ші жылы бет бұрған. Алғашында аудан орталығындағы базарда сауда жасап, алғашқы капиталды сол сауда-саттықтан түсірген. Өстіп, 2010 жылы жиһаз шығаратын цехты іске қосыпты. Бүгінде жиһаз түрлерінің 25 аталымын шығарып келеді. Бұған қоса тауарды үйге дейін тегін жеткізіп береді.

Владимир Лагода – “Лагода” ЖК директоры, Жамбыл ауданы

– Біздер жиһазды жасап-құрастыруға қажетті ағаш түрлері мен қаптама маталарды Петропавл қаласынан сатып аламыз. Алғашында 10 бұйымнан ғана шығарып келсек, кейінгі жылдары оның саны 25-ке жетті. Соңғы уақытты жиһаздарымызды сатып алуға Қостанай облысының аудандарынан да тұынушылар келетін болып жүр.

Жеке кәсіп иесінің алға қойған жоспарлары айқын. Бизнесмен – болашақта жиһаз цехын кеңейтуді көздеп отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.