МТРА жаңалықтары

Заречный кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірі ұзартылуда

Алғали Асриев – Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі секторының бас маманы.

– Мұның барлығы Заречный кентінің тұрғындары үшін жасалуда. Себебі ертеңгі күні Есіл өзені таситын болса, адамдар осы көпір арқылы діттеген жеріне оңайлықпен жете алатын болады. Жалпы мұндай көпір тек осы ауданда ғана ұзартылуда. Өйткені басқа аудандарды су басады деген болжам жоқ. Ал ескі көпіршекке осыған дейін жөндеу жүргізілген болатын.

Аталған жұмыстарды қазір «Авариинная служба» өндірістік кооперативі жүргізуде. Нысанда 10-нан астам азамат еңбек етіп жатыр. Олар жауапты істі 2-3 күн уақыт ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.