Білім

ҰБТ қарсаңында өңір мектептеріндегі психологтардың семинары өтті

Назгүл Тұрғынбаева, Мағжан Жұмабаев ауданы, Медвежка орта метебінің педагог-психологы

– Көптеген мағлұматтар алдық. Оның бәрін біз өзіміздің мектептерде қолданамыз, айтамыз. Мұндай шаралар біздің жұмыстарымызда өз көмегін береді. Арт терапия жөнінде мастер класс өткізіліп жатыр. Ол шеберлік сыныптарын біз өз мектептерімізде де қолданатын боламыз.

Бұдан бөлек, “Арт терапия” аталатын шеберлік сыныбы оқушының көңіл-күйін көтеруге шақырады. Әр түсті бояу шашыратылған қағаздың бетін жабыстырғанда баланың еркінен тыс түрлі суреттер пайда болады. Бұл терапияда баланың реніші мен көңілі-күйі де байқалады. Ондайда оқушы қоңыр, қара сияқты күңгірт түстерді таңдайтын көрінеді.

Нұргүл Рахметова, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің педагог-психологы

– Бүгінгі таңда жас өспірімдердің жан күйзелісі мәселесі өте өзекті. Жасөспірімдермен жұмыс істегендіктен олрды жан күйзелісінен арлытудың түрлі әдіс тәсілдері бар. Бүгін мен “Түстер терапиясы” тренингін алып отырмын. 00:44 Осылай өмірден әрбір түстен жақсылық нұрын табуға әсер етеміз.

“Жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттері” деп аталған семинар СҚО білім басқармасының қолдауымен өтіп отыр. Мұнда оқушылардың бойындағы жаман жолға үйір болу, күйзеліске ұшырау, өз-өзін жек көрушілік сезімідері психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде қаралды. Психологтардан бөлек, ішкі істер бөлімінің қызметшілері мен мектеп директорлары қатысқан жиында, алда келе жатқан ҰБТ-ге түлектерді дайындау жайы да сөз болды.

Ирина Якимова, Бірінші гимназия психологы, Петропавл қаласы.


– Барлық шеберлік сынытары мен баяндамалар балаларға өмірлік қиын жағдайларда қолдау таныту тақырыбында. Негізінен, бала өзін отбасында жайлы сезініп, ата-ана жылылығын сезіну керек. Әке-шеше қуанышты да, жағымсыз жаңалықтарды да бөлісе білуі шарт. Бүгін мұнда жиналған барлық педагог-психолог мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, оны өз білім ошақтарындағы түлектермен жұмыс жасағанда қолданатын болады.

Мамырдың 16-сы “ҰБТ қарсаңында ата-аналарға психологиялық көмек” Республикалық акциясы өтеді. Осы орайда аталған күнге мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарының біріккен жиналтары жоспарланып отыр.

 

Акбопе Танирберген.