МТРА жаңалықтары

“Қазсушар” кәсіпорнының тарифін өзгерту туралы қоғамдық тыңдалым

Аманжол Қожағұлов, “Қазсушар” РМК СҚФ директоры

– 613 млн. теңгеге Петропавл және Сергеев су тораптары қайта қалпына келтірілді. Оған дейін 166 млн. теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілген болатын. Бұның барлығы негізгі қордың құнын 2,4 есеге ұлғайтты. Осы қорлардың өтелімі тарифтік сметаға енеді.

Сондай-ақ, Шарық су торабын жөндеу жоспарланған. Бұл мәселе бұған дейін сараптау кеңестің жиынында талқыланған болатын. Бүгінгі отырыстың қатысушылары тарифтің бұл деңгейімен келіспеушіліктерін білдірді.

Татьяна Горлова, СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары

– Шарық су торабын қалпына келтіру үшін қаржы бөлінеді. Осыған дейін аталған құрылымдардың екеуі жөнделіп бітті. Сондықтан, алдағы тарифке ұсынылып отырған сома негізсіз.

Бүгінде бұл кәсіпорынның құрамына Сергеев, Петропавл және Шарық су қоймалары кіреді. Негізгі тұтынушылары – алтау. Олардың бәрі слайдта көрсетілген. Жиынға қатысушылар жаңа тариф бекітілген жағдайда оның қалалықтарды сумен қамту құнына ықпал етпей ме деген сұрақтарын қойды. Аманжол Қожағұлов бұл деңгейде өзгерістің әсері аса байқалмайтынын айтады.
Қорытынды шешім ағымдағы жылы мамырдың 22-сінде шығады. Егер өтінім қабылданса, онда жаңа тариф 5 жылға шілденің 1-нен күшіне енеді.

Данаш Хамзина.