Балалар

Петропавлда “Сыбайлас жемқорлықты тұншықтырамыз” атты акциясы өтті

Кейін акцияға қатысушылар белгіленген жерге келіп, барлық заңсыз келген табыстардың нақпішіндерін өртеді.

Күлге айналып, толығымен жылдам жанып кеткен заттарды қызыл жалынмен арпалысушылар дереу сөндірді.

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

–  Лауазымды тұлғалардың параны тек ақшалай емес сонымен қатар тұрмыстық техникамен де алатыны ешкімге құпия емес. Сол себепті бүгін жастармен бірге жемқорлықпен келген заттардың нақпішіндерін өртедік.

Пара алу жолымен келген мол пайданы күлге айналдыру – өңір жастарының бармақ басты көз қыстылыққа қарсы екендіктернің айқын дәлелі.

–  Мен елімізде жемқорлық фактілерінің орын алуына қарсымын.

– Пара алған тұлғалар заң бойынша жазалануы керек. Сонда ғана еліміз көркейеді.

– Мұндай акция әрдайым ұйымдастырылуы қажет. Теріскей жастары бармақ басты көз қыстылыққа қарсы.

Шара соңында акция қатысушылар естелікке суретке түсті.

 

 

Риат Шони.