Без категории

Мемлекеттік мекемелер жеңісті жақындатқан қарияларды өз қамқорлығына алды

Мария Завгородняя, тыл еңбеккері

– 1941 жылдан 1945 жылға дейін колхоздың алқаптарында егін ектім, арам шөптерді жұлдық. Мен соғыстың кесірінен әкем мен туған ағамнан айрылдым. Соғыс біткесін Семейде қаржы техникумына түсіп, оны 1947 жылы аяқтадым. Кейін Петропавлға жұмыс істеуге жолдандым. Сөйтіп 36 жыл қаржы саласында еңбек еттім. Бастапқыда инспектор міндетін атқарсам, кейінгі жылдары мемлекеттік кірістер бөлімінің басшысы лауазымында қызмет еттім.

Биыл ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына орай түрлі мекеменің ұжымдары ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қомқорлық жасап жүр. Мысалы, бүгінде Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 2 тыл еңбеккері бекітіліпті. Фискалдық орган қызметкерлері жеңісті жақындатқан қариялардың бұйымтайларын орындауға әзір.

Есмағзұм Байбосынов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

– Біз жеңісті жақындатқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін үнемі назарда ұстап, әрдайым құрмет көрсетіп жүруіміз қажет. Бұл кісілер отанды қорғауда ештеңеден аянбады. Өздері ашықса да, бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін деп қолда бар дүниелерін ұрыс даласындағы жауынгерлерге жөнелтті.

Бүгінде 88 жасты еңсерген кейуана жақсы қартая білу де өнер дейді. Апамыз бүгінде қала іргесіндегі саяжайына барып, көрші-қолаңмен әңгіме-дүкен құрып, шахмат ойнағанды ұнатады.

 

Берик Касен.