МТРА жаңалықтары

«Достықтың киелі шаңырағы астында» атты ұлттық әдебиеттер фестивалі өтті

Мадина Қабжанова- облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы

– Бүгін мен түркияның ұлттық бұйымдарын, әдебиетін таныстырамын. Және Сакария деген шығармасы жайлы айтамын. Онда түріктердің тарихы жайлы айтылған.

Жалпы бұл шараға қазақ, белорус, орыс, татар- башқұрт, поляк, тәжік, түрік сынды 7 ұлттың өкілдері қатысуда. Әрқайысысының мақсаты – берілген 10 минут ішінде жиналғандардың ұлттық әдебиет мен өнерден сусындату.

Бұдан бөлек, мұнда «Кітап арқылы бірлікке, татулық пен келісімге» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Онда бірнеше тілде жазылған 50-ден астам шығарма қойылыпты.

Магжан Ахмадина.