Бизнес және экономика

Бизнесін өркендеткен нәзік жанды

Оксана Храменкова- «Богданова» ЖК наубайшысы

– Бізде барлығы үйде пісірілгендей дәмді. Өйткені біздің өнімдер қоспаларсыз жасалады. Тек табиғи өнімдер қолданамыз. Нан- тоқаштардан бөлек, пицца, бәліштер пісіреміз.

Еңбекпен тапқан нан тәтті демекші, бір кездері кәсіпкер Мария Богданова да осы қыздар сынды қарапайым наубайшы болып бастаған. 9 жыл кәсіпорында қызмет істеген ол болашақта міндетті түрде өз кәсібімді ашамын деп алдына мақсат қойған. Бүгіндері сол арманы орындалып, ол ісін дөңгелетіп отырған жандардың қатарында. Ал ендігі қойған жоспарлары тіпті ауқымды.

Мария Богданова- «Богданова» ЖК директоры

– Өндірісті кеңейту жоспарда бар. Мен өзім бірде-бір рет несие алып көрмегенмін. Енді осы жолы даму қоры арқылы қолдауға ие болғым келеді. Қазір мына ғимаратты жалға алып отырмын. Өте қымбат. Сондықтан алдағы уақытта ғимарат сатып алып, өндіріс көлемін арттырып, жұмыс орындарын ашқым келеді. Тауарға деген сұраныс бар, сол себепті де бір орында тұрып қалмау қажет.

Мұндағылар күніне тоқаш өнімдерінің 7 мың данасын жасайды. Нан облыс орталығы мен аймағымыздың бірнеше ауданына жөнелтіледі. Бизнесмен 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Еңбеккерлердiң орташа айлықтары 60 мың мен 80 мың теңге аралығында.

 

Магжан Ахмадина.