Өнеркәсіп

Жиһаз жасау саласында 10 жыл

Марат Бейсекеев

– Біздің ауданда жиһаз шағаратын кәсіпорын бар екен. Бүгін міне дүкенге келіп, өнімдерін қарап жатырмын. Сапасы жақсы, көңілімнен шықты. Бағалары да қол жетімді.

Дүкенде орындық, төсек, шкафтардың түр-түрі қойылыпты. Ерекше талғаммен жасалып, ою-өрнектермен әсемделген жиһаздар келушілердің көңілінен шығуда. Ал бұл заттардың барлығы мына шағын ғана цехта жасалады. Тауарлардың 40-тан астам аталымы бар. Мұндағы қондырғылардың барлығын кәсіпкер өз қаржысына алыпты.

Дмитрий Машкин- «Машкин» ЖК шебері, Айыртау ауданы

– Бізде негізгі 3 станок бар. Олардың бірі қажетті материалды дұрыстап өлшеп кесуге мүмкіндік берсе, келесісі дайын болған бұйымды жапсырып, сырлап қырлауға арналған. Ал үшінші машинада бөлшектің қырлары асқан дәлдікпен желімделіп, тегістеледі. Жалпы мемлекет тарапынан бизнесмендерді қолдауға көптеген жағдайлар жасалған. Өткен жылы біз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы кәсіпорынды кеңейтуге 3 млн теңге қаржы алдық. Әрине осындай көмек кәсіпкерлер үшін маңызды.

Әр бұйым мұнда ерекше ұқыптылықпен жасалады. Барлығы ойластырылған. Тапсырыс беретін адам үшін жиһаз жасалатын материал және дизайндар көрсетілген каталог беріледі. Түстері де сан түрлі. Жаның қалаған нәрсені мұндағы шеберлер жасауға әзір. Жалпы кәсіпкер екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жалпы Айыртау ауданында 1163 бизнес субъектісі бар. Олардың 39-ы өткен жылы ашылыпты.

Гүлмира Әбілқайырова- Айыртау ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

– Индустрияландыру картасына 2 жоба енген. Ол қалайы өндірумен айналысатын «Сырымбет» металлургиялық камбинаты және «Углежок» компаниясы. Соңғысын ағымдағы жылдың маусым айына дейін іске қосу жоспарланған. Жалпы былтыр 96 жаңа жұмыс орны ашылса, биыл тағы бірнеше кәсіпорын іске қосылмақ.

Соның арқасында тағы 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 

Магжан Ахмадина.