Денсаулық сақтау

Тұзбен емдейтін орталық ашылды

Балқия Медиева

– Бронхит, остехондроз сынды аурулар бар. Осы тұзды саунаның бір көмегі болар деген ойдамын. Жаңа шықтым. Өте жақсы. Жеңілденіп қалдым.

Процедуралар Оңтүстік Кореяның тың технологиялары бойынша жүргізіледі. Сондықтан оның ашылуын асыға күткен солтүстікқазақстандықтарда есеп жоқ.

Че Ёнг Сок- «Де сунг» компаниясының президенті

– Бұл тұздың пайдасы мол. Ол кәдімгі біз тұтынатын тауардан өзгеше. Табиғи өнім. Біз оны Кореядан жеткізіп отырамыз.

Бұл процедурадан аяғы ауыр, жүрек-қан тамыры ауруларына шылдыққан және асқынған дерттерге шалдыққан адамдарға өтуге болмайды. Олар үшін мұнда өзге де емдеу жүйелері қарастырылған. Орталық таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс жасайтын болады.

Найля Әлжанова- «Саламат» денсаулық орталығының директоры

 

– Мұнда кішкентай балалардан, аға буын өкілдеріне дейін келуге болады.

Мұнда тұрғындарға 10-ға жуық маман қызмет көрсетпек.

Магжан Ахмадина .