Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қызылжар су” кәсіпорнының есептік жиыны

Ержан Баженов – “Қызылжар су” ЖШС қаржы директоры

 

– Біздің инвестициялық бағдарламамыз сәтті жүзеге асуда. 2014-ші жылдың қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Аталған бағдарлама 1 млрд. 200 мың теңгеге шақталған. Биыл 382 млн. теңгенің жұмысы атқарылды. Ал, қалған қаржыны осы және келер жылы игереміз.

Былтыр кәсіпорын 420 млн. теңгегеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл сома оған дейінгі жылдарға қарағанда айтарлықтай басым.

Сергей Визеров – “Қызылжар су” ЖШС бас инженері

– Біз су құбырларының 17,5 шақырымын және кәріздік желілердің 4 км-ін ауыстырдық. Сондай-ақ, энергия үнемдейтін құрылғылардың орнатылуына ерекше мән бердік. Инвестициялық бағдарлама бойынша 49 сорғы стансасының технологиялық жабдықтары қайта қалпына келтірілді.

Бүгінде “Қызылжар су” 94 мың тұтынушыға қызмет көрсетеді. Негізінде, кәсіпорынның жұмыс істеу сапасы көпшіліктің көңілінен шығатын көрінеді. Атқарылған шаруа аз емес, алдағы жоспар да ауқымды дейді серіктестік өкілдері. Есептік жиында тұрғындар толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Вопрос-ответ: Алексей Сулимов – “Семейный” ПИК төрағасы “По Шухова коллектор разваливается, когда этот вопрос будет решен?”.

Сергей Визеров – “Қызылжар су” ЖШС бас инженері

– Те участки,которые вышли из строя, мы меняем. Не повреждения устраняем, а меняем полностью пролет от колодца до колодца. Вы не волнуйтесь, сейчас он в надежном состоянии.

Кәсіпорынға биыл “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында бюджеттік несиелеу бойынша 508 млн теңге бөлініпті. Бұл қаржыға “Қызылжар су” Алтынсарин және Универсальный көшелеріндегі су таратқыштарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

 

 

Данаш Хамзина.