Білім

Қазақ-түрік лицейінде жас өнертапқыштар көремесі өтті

Алдияр Айткеш, Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының оқушысы

– Бұл гидровикалық кран. Ол паскаль принципімен жұмыс істейді. Кәдуілгі кранның дәлме-дәл модельі. Тек қана ол кран үлкендігімен әрі – су орнына май құйылғанымен ерекшеленеді. Себебі су қатып қалады.

Жас ізденушілердің ойлап тапқан құрылғыларын көрермендер аса қызығушылықпен тамашалады. 9-сынып оқушылары Лейла мен Сания құрастырған мына жоба «Гидроэлектро станция» деп аталады. Мұнда су айналымы арқылы күллі үйге жарық беріп, бақша мен жануарларды сумен қамтамасыз етуге болады. Осылай күніне 300-400 КБ үнемдей аламыз. Алдағы «Экспо-2017» көрмесінде жобаны қалың жұртқа таныстырып, елімізде осылай энергия үнемдеуге болатынын жеткізгіміз келеді дейді өнертапқыштар.

Ержан Аубакиров, Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры

– Бұл көрмеге 1500 қонақ шақырылды. Көрменің мақсаты – жалпы балалардың мектеп қабырғасында алған білімдерін іс жүзінде қолдану және болашақ өмірде бәсеке қабілетті адам ретінде дамыту. Бүгін техникалық пәндерден балалардың бір жыл бойы ізденіп істеген жобаларын көрсетіп жатырмыз.

Мұнда математикалық есептер балалардың ойлау қабілетін дамытатын болса, биологтардың жобасы темекіден бас тартуға шақырады. Ал химия және физиканы зерттеушілер ел экономикасын дамытуға үлес қосатын жобалар ұсынып отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.