Спорт

Президент сайлауына орайластырылған марафон

Ринат Белогонов – Акробатикадан Кеңес Одағының спорт шебері.

– Марафон негізінен үш кезеңнен тұрады. Яғни мына азаматтар қазір достық алаңына дейін жүгіреді. Кейін екінші топ Пестрое көліне дейін. Соңғысы Бескөл ауылына дейінгі қашықтықты бағындыратын болады. Жалпы мұнда қатысып жатқан азаматтардың басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстанушылар.

Айтулы шараға салауатты өмір салтын ұстанған 150-ден астам азамат қатысты. Олардың басым бөлігін кейінгі толқын жастар құрап отыр. Аға буын өкілдері де жоқ емес.

Азамат Сабыржанов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің студенті.

– Президент сайлауына деп алғаш рет марафон өткізіліп жатыр. Мінекей мен секілді көп жастар қатысып жатыр. Осындай шаралдар көп өткізіле берсін. Жасым 18-де. Президент сайлауына бірінші рет қатысамын. Сайлауда өзімнің таңдауымды жасаймын.

Иван Кендюх – ҚСД «Ауыл» партиясы СҚОФ төрағасы, спорт ардагері.

– Алғаш сайлауға қатысқаным есімде. Ол біз үшін үлкен мереке болатұғын. Содан бері ешбір осындай саяси науқаннан қалған емеспін. Міне бүгін арнайы шара өткізіліп жатыр. Мен мұны құптарлық іс деп айтар едім.

Осылайша спортшылар 12 шақырым жерді жүгіріп өтті. 

Джакупов Самат.