МТРА жаңалықтары

Петропавлдық жалғыз басты екі тыл еңбеккеріне екі бөлмелі пәтер берілді

Ғайниқамал Ахмедшина – Тыл еңбеккері.

– Қамыстың салдарынан менің үйім күйді. Міне одан бері 15 жыл өтті. Рахмет мынадай үй бергендеріне.

Ал Әлпеш Зайнулина Аққайың ауданының тумасы. Жасы 81-де. Бұл азаматшаның да тағдыры алғашқысына ұқсас. Егде тартқан шағында жалғыз қалған. Бүгінгі күнге дейін Береке ауданында өзінің жеке үйінде тұрып келген. Бірақ, баспанасының іші жылда суға толатын.

Әлпеш Зайнулина – Тыл еңбеккері.

– Күзді күні үйдегі су тобықтан асатын. Енді қайда бару керек? Әкімге хабарласамыз. Өтініш береміз. Шамасы келгенше көмектесті. Рахмет. Халықты сыйлап, құрмет көрсетіп жатқандарына көп рахмет.

Әлпеш апамыз пәтер кезегінде 2005 жылдан бері тұр. Қалалық әкімдіктігілер болашақта мәселе шешіледі деп отыр.

Мереке Мұхамедияров – Петропавл қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің жетекшісі.

– Беріліп жатқан баспана уақытша. Коммуналдлық баспана қалалық әкімшіліктің қорынан. Қазір біреуі пәтер кезегінде тұр. Екіншісінің үйі аппаттық жағдайда. Кезектері келгенде бұл жандар да тиісті баспаналарын алады.

Сондай-ақ кейуаналарға баспанамен бірге мерекелік медлаль да табыс етілді. Өз кезегінде қариялар жұртшылыққа батасын берді.