МТРА жаңалықтары

Ұлтаралық достықты арқау еткен онлайн кездесу

Ләззәт Ерғожина – Қалалық №2 кітапхананың меңгерушісі

– Кездесудің мақсаты – Қазақстан халқының достығын мадақтау, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту. Бүгінгі кеште біз ән айтамыз, би билейміз, әр түрлі халық өкілдері өз тілдерінде өлең оқиды.

Осы мәдениет ошағындағы шығармашылық бөлімнің әдіскері Надежда Рудикова да ұлтаралық келісімді паш еткен іс-шарадан шет қалмай, солтүстікқазақстандық ақын Марат Кенеевтің туған өлке туралы жазылған өлеңін оқып берді.

Надежда Рудикова – Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық бөлім әдіскері

– Мен көпұлтты отбасында тәрбиелендім. Тату-тәтті өмір сүрдік. Әкем – Орал казагы, анам – украин, үлкен ағамның келіншегі – белорус қызы, жолдасым – грузин, ал келесі ағам неміс қызына үйленді. Сол себепті, достық тақырыбы маған жақсы таныс.

Кітапхана қызметкерлері мұндай шараны алғаш рет ұйымдастырып отырмыз дейді. Алдағы уақытта осы сынды кездесулерді жиі өткізуге ниетті.

 

Данаш Хамзина.