МТРА жаңалықтары

Бейбіт өмір сыйлағандарға ақшалай көмек көрсетілуде

Ольга Букина – Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

 

– Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, олардың жесірлеріне бір реттік жәрдемақы төленетін болады. Мысалға, 1053 қарияға жергілікті бюджеттен 23 миллион теңге қарастырылған, 32 миллион теңгенің әлеуметтік көмегіне 603 тұрғын және 6623-не республикалық қазынадан 177 миллион теңге қарастырылған.

Мысалға, ҰОС ардагері 3 бюджеттің есебінен 298 мың теңгеге ие болмақ. Осы күнге дейін қалалық бюджеттен бөлінген жәрдемақы қариялардың есепшоттарына аударылыпты. Бұдан бөлек жергілікті бюджет есебінен соғыс ардагерлері келесідей көмектерге ие болуда.

Ольга Букина – Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

– Үстіміздегі жылы ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген қарияларға 14 миллион теңге жұмсалып отыр. Бұл қаражат есебінен 67 қария сауықтыру орындары мен шипажайларда ем алады. Ал 71-і әлеуметтік көмек негізінде тісін жөндетті. Тағы 42 ардагерге сауықтыру орындары мен емханаларға баруға жолға кететін материалдық көмек көрсетілді.

Айта кеткен жөн, жергілікті, облыстық және республикалық қазынадан қарастырылған жәрдемақылардың барлығы дерлік сәуірдің 20-сына дейін қариялардың есепшоттарына аударылмақ. Бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерімізге қандай сый-құрмет жасасақ та артық етпейді.

Бакыт Садуакасов.