Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астана қаласында өтетін әскери парадқа СҚО-дан 17 ардагер қатысады

Қабин Мұрзағұлов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

– Парадқа барғым келеді, көргім келеді. Барлығы барып жатыр ғой. Жүруге мүлдем жарамасам айтам өзім. Бара алмаймын, рахмет деймін. Егер апаратын адам болса, әрине, барамын. Дәрігерлер денсаулығымды тексерді.

Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадты көппен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен сұрапыл соғысты еңсерген ардагерлер де тамашаламақ. Оның 17-і Солтүстік Қазақстан облысынан.

Әдия Ахметова – облыстық ардагердлер кеңесі төрағасының орынбасары.

– 10-ы Петропавл қаласынан болса, қалғандары аудандардан. Ең алдымен, олардың денсаулықтарын тексерттік. Дәрігерлермен ақылдасып, олар осы жолды көтере алады ма? Парадты көргенде оларға психологиялық, моралдық тұрғыда әсер етуі мүмкін. Сондай жағдайды ескере отырып, осы 17 адамды таңдадық.

Ардагерлерді алыс сапарға, медицина саласының мамандары мен тәртіп сақшыларынан құрылған арнайы топ апарып, алып қайтпақ.

Әдия Ахметова – облыстық ардагердлер кеңесі төрағасының орынбасары.

– Қаражат жағы қарастырылып, оң шешіліп жатыр. Талап бойынша парадқа баратын ардагерлдердің өзінің арнайы киімдері болу керек. Осы бағытта біз қазір жұмыс істеп жатырмыз.

Айта кету керек бүгінгі күні өңірде 264 көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Джакупов Самат