МТРА жаңалықтары

Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ерлан Әукенов – СҚО әкімінің орынбасары

– Отырыста 9 жобаны қарастырудамыз. Өтінімдердің көбі – “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасының бірінші бағыты – “Жаңа бизнес бастамаларды қолдау” бойынша түсті. Жеке кәсіпкерлік субьектілері екінші деңгейдегі банктерден алған несиелерін арзандатуды сұрап отыр. Қазіргі уақытта олардың қарыздары 230 миллион теңге. Бұл кәсіпорындар – жүк тасымалы, жиһаз шығару, сүт өңдеу мен қиыршық тас өндіреді. Біз оларға қолдау көрсетсек, тағы 20 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Алғашқы болып “Балғабаев” ЖК жобасы қаралды. Жүк тасымалымен айналысатын бизнес иесі, жылдық 14 пайызбен “Еуразиялық банктен” несие рәсімдеген.

– “Балғабаев” жеке кәсіпкерлігі қаламызда 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жеке иелігінде 1 жүк көлігі бар.

Кеңес мүшелері екінші деңгейлі банктегі несиенің пайыздық үстемесін субсидиялау керек деген шешім қабылдады. Келесі болып Мағжан Жұмабаев ауданындағы кәсіпкердің өтініші қаралды. Бизнесмен жиһаз өндірісі мен қызмет аясын кеңейту мақсатында – 5 миллион теңге несие рәсімдеген. Енді ол банк ұсынған пайыздық ставканы мемлекет есебінен субсидиялаудан мүдделі.

– Жеке кәсіпкер бұл қаржыға Смирново селосында дүкен сатып алған және жөндеу жұмыстарын жүгізді. Несие 3 жылға берілді. Бинес иесі кепілдікке шағын дүкенін қойып отыр.

Сөйтіп, Булаев қаласындағы жиһаз шығаратын кәсіпкердің өтініші де мақұлданды. Жалпы жиында барлығы 9 жоба егжей-тегжейлі талқыланып, толығымен үйлестіру кеңесі мүшелерінің тарапынан қолдау тапты.

Бакыт Садуакасов.