МТРА жаңалықтары

СҚО-да пасха мейрамы аталып өтілді

Владимир, Петроправл және Булаев епархиясының епископы

– Әрқашан халықты біріктіретін мерекелер. Мен бала кезімнен ұлты, діні басқа болса да, қандай жағдайға қарамастан, достарыммен рождество, пасха, құрбан айт, ораза мерекелерін бірге тойлайтынмын. Бұл да бәрімізге ортақ мереке. Пасха – қуаныштың, махаббаттың, адалдықтың мейрамы. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен татулық орнасын.

Діні мен тілі бөлек болса да татулығы жарасқан солтүстікқазақстандықтар православ хритиандарын айтулы мерекесімен құттықтады. Рим католик шіркеуінің басшылығы мен Қызылжар орталық мешітінің бас имамы да оларға игі тілектерін білдірді.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Қызылжар орталық мешітінің бас имамы

– Шын жүрегіммен барлық солтүстікқазақстандықтарға бірлігіміздің нығаюын, париоттық тәрбие, азаматтық бейбітшілігіміздің ұзағынан болуын тілеймін. Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын.

Стенд: Орталық алаңда православ сеніміндегілердің пасха мейрамы тойланып жатыр. Бірлік. Сенім. Татулық ұстанымын ұстанған барлық ұлт өкілдері христиандарды айтулы мерекесімен құттықтауда. Мерекенің басты нышаны қалаш нандары мен боялған жұмыртқалар тұрғындарға тегін үлестірілуде.

Мына тұрған әскерилердің жорықтық ас үйінде 250 адамға жететін ет қосылған қарақұмық ботқасы әзірленген. 40 күн ет- пен сүт өнімдерінен бас тартқан жамиғат ыстық астан таласып-тармасып дәм татты. Оны әскери бөлімшенің аспазы Феруз Намед әзірлеген екен. Алматы облысында туып өскен сарбаз, бұл мейрамға бірінші рет куә болдым дейді.

Феруз Намет , 6637 әскери бөлімшесінің сарбазы, солдаттақ асхананың аспазшысы

– Пасха мерекесін бірінші рет көруім. Тағамды үлестіріп үлгермей жатырмын. Мерекені осылай ауқымды деңгейде атап өтетіні жақсы екен.

Православ шіркеуі қызметкерлері ерекше алғысын шараны ұйымдастырған сібір казактары мен орыс қауымдастығына білдірді. Аталған қоғамдастықтың белсенділері солтүстікқазақстандықтарды ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтап, бұл мейрамның барлық қала тұрғындарына ортақ екенін атап өтті.

Николай Авдеев, СҚО “Орыс қауымдастығы” ұйымының басшысы

– Бұл жаңарудың, көктемнің, қуаныштың, жамандық атаулы өткенге қалатын өмірлік мереке. Мейрам барлық қала тұрғындары үшін ұйымдастырылды. Мейрамды қарсы алуға халықтың көп жиналғаны жақсы.

Келушілер бір-бірін Пасхамен құттықтап, бейбітшілік пен татулық тілесті. Әскери оркестрдың сүйемелдеуімен өткен шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына ұштастырылды.

Акбопе Танирберген.