Құқық қорғау органдары

“Жасөспірім” жедел алдын алу шарасы кезінде облыста заңға қайшы әрекет жасаған 1135 жеткіншек анықталды

Рәшида Төлеубаева – Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия хатшысы

– Петропавл қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы, наркологиялық орталық пен қамқорлыққа алу бөлімінің қызметкерлері отбасылық жағдайы төмен жанұяларды ұдайы тексеріп тұрады. Рейд барысында біз облыс орталығы тұрғындарының құқықтарын түсіндіріп, әлеуметтік көмек көрсетеміз.

Ювеналдық полицейлер жүргізген жұмыстар өз нәтижесін бермей қоймады. Тек шаһардың өзінде ғана тұрмысы нашар 18 отбасында тәрбиеленетін 29 жасөспірім анықталып, олар ішкі істер органдарына тіркеуге қойылды. Сондай-ақ ата-ананың қарауынсыз жүргендерге қатысты 57 әкімшілік хаттама толтырылды.

Еркегүл Басыбаева Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы

– Петропавл қаласы бойынша 267 тұрмысы нашар отбасы тіркеуде бар. Олардың барлығымен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, облыста 10 тәулік ішінде 21 жасқа толмағандарға алкоголді сусындарды сатқан 32 және темекі бұйымдарын сатқан 23 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Бакыт Садуакасов.