Денсаулық сақтау

Петропавлда еліміздегі медициналық колледж түлектерінің арасында республикалық байқау өтті

Риза Хонай: республикалық байқауға қатысушы

– Негізінде республикалық конкурс болғандықтан олардың барлығының өз қиындықтары бар.Қарсыластарымыз да жақсы дайындалып келген.Адма организмі қызықтырғандықтан осы мамандыққа оқуға түстім.

Сайыс түрлі бағытты қамтиды. Мысалға, бұл жолы үміткерлер зертханалық машықтарын көрсетпек. Жалпы бүгінгі таңда елімізде 1062 жас осы мамандықтың қыр-сырын меңгеруде.

Сұлтан Сейдуманов: Республикалық медициналық колледж директоры

 

– Байқауға әр жерден келген 9 команда қатысып отыр. Қазақстан бойынша 23 колледждің ішінде зертханалық зерттеу мамандығымен студенттерді даярлаймыз. Соның ішінде 21- мемлекеттік колледждер, 2-уі жеке меншік оқу орны.

Білімгерлердің арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша Қостанай медицина колледжінің студенті Наталья Ермакова бірінші орын иегері деп танылды. Ал Түркістаннан келген Айнұр Құнанбаева екінші орынды жеңіп алса, Өскемен медициналық колледжінің намысын арқалаған Анна Мельник үздік үштікті қорытындылады.

Акбопе Танирберген.