МТРА жаңалықтары

Сайлау барысын қадағалайтын байқаушыларға оқыту семинарлары ұйымдастырылуда

Сұлушаш Жанболатова, қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары

– Биыл ұжымымның және қалалық мәдениет бөлімінің бақылаушы ретінде менің кандидатурамды ұсынғандары мен үшін жоғары мәртебе. енді биылғы кезектен тыс президент сайлауының жақсы өтуіне, мынау ұлтаралық келісім, еліміздегі татулық- бірліктің нығаюына мен бақылаушы ретінде және сайлаудың жақсы өтуіне үлесімді қосамын.

Осындай оқыту семинарларында байқаушыларды саяси науқаннан хабары бар, тәжірибесі мол 5 маман даярлайды.

Сергей Худяков, “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ СҚФ төрағасы

– ҚР кез келген азаматы байқаушы бола алады. Азаматқа байқаушы болу уәкілетілігін өзі мүшелік ететін республикалық қоғамдық ұйым, саяси партия немесе түрлі органдар бере алады. Байқаушы “ҚР-дағы сайлау туралы” ҚР-ның Конституциялық заңын, сайлау барысындағы өз функцияларын білуі тиіс. Дауыс беру үрдісіне араласпауы құжат.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне санаулы күндер қалды. Осы уақыт аралығында мамандар өңірдегі 709 сайлау учаскесінің барлығына байқаушыларды даярлап үлгеруі қажет.

Берик Касен.