МТРА жаңалықтары

Осы көктемде теріскейлік 700 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге барады

Гүлайым Исмагамбетова – №1-ші қалалық емханасының тіс дәрігері

– Біз ауруларға қараймыз. Қалдырамыз қоян ерін, қасқыр тұмсық болса. Немесе обыр ауруларының белгісі байқалса, өтпейді. Оларды біз тексеруге облыстық стоматологияға жібереміз.

Нұрсұлтан Атажанов – әскерге шақырылушылардың бірі. 20 жасар қала тұрғынының денсаулығында ешбір кінараты жоқ. Сондықтан, ол отан алдындағы міндетті борышын өтеуге асық.

Нұрсұлтан Атажанов – әскер қатарына шақырылушы

– Мен биыл көктемгі әскер қатарына шақыртылып жатырмын. Енді мен қазір қалалық медициналық тексеруден өттім. Енді облыстық тексеруден өтемін. Мен өзім Алматы қаласындағы құрлық әскерлері қатарында борышымды өтегім келед.

Кейін әскери-дәрігерлік комиссия мүшелерінің қатаң тексеруінен сүрінбей өткендері тереңдетілген психологиялық зерттеу кешенінде сыналады. Бұл дегеніңіз, болашақ сарбаздың психикалық жай-күйі мен мінез-құлқы анықталады. Жалпы, биылғы жылдың өзінде отан алдындағы борышын өтеуге өңірімізден 750 сарбаз жолданады деп күтілуде. Соның 200-і Петропавл қаласынан шақырылмақ. Бүгін таңертең ҰҚК ШҚ-не 50 сарбаз ел шекарасын күзетуге аттанып кетті.

Дулат Ғабдуллин – Петропавл қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы

– Мерзімді көктемгі науқан басталды. Қазіргі күні дәрігерлік коммисия әскери шақыру комиссиясын өткізіп жатырмыз. Мамыр айында қарулы күштер қатарына, маусым айында ұлттық гвардия қатарына жолданады.

Тағы бір жаңашылдық, үстіміздегі жылдан бастап Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге асықпай, не болмаса құлық танытпай жүргендерге заң күшейтілді. Ол бойынша енді қашқақтап жүрген азаматтарға келесідей қатаң шара қолданылады.

Дулат Ғабдуллин – Петропавл қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

– Биылғы заңнамадағы өзгерістер бойынша қылмыстық кодекстің әскерден қашып, әскер қатарына бармаймыз деген азаматтарды әкімшілік жауапқа тартылады. Екіншіден, қылмыстық кодекс бойынша үлкен айыппұл болмаса бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қалалық тексеруден мүдірмей өткен жігіттер облыстық коммисияға жолданады.

 

 

Бакыт Садуакасов.