МТРА жаңалықтары

Өңір тәртіп сақшылары “Ардагерлер ерлігіне тағзым” акциясы аясында қан тапсырды

Таңсәріден облыстық қан орталығының фойесі полицейлерге толды. Тәртіп сақшыларын донор болып сауапты іс жасауға көндірудің қажеті жоқ. Өйткені олар өздерінің күнделікті жұмыстарында көптеген адамның өмірін құтқарады. Енді тәртіп сақшылары бүгін де, міне, игі іс жасамақ.

Карина Тайгулина – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі

–  Облыстық қан орталығында акция жүріп жатқанын естіп өз еркіммен келдім. Көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдесуге дайынмын. Кім біледі мүмкін мен біреудің өмірін арашалап қалатын шығармын.

Бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ардагерлер ерлігіне тағзым» акциясының екінші кезеңі аяқталды. Алғашқысы наурыз айында өткен. Ол шараға облысымыздағы жастар ұйымдарының белсенділері мен спортшылар қатысты. Ал игі істің келесі, яғни үшінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер қан тапсырмақ.

Алмаз Абишев – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі

– Біз әрдайым қан тапсыруға келеміз. Қала тұрғындарында осындай игі іс жасауға шақырамын.

Жалпы полицейлердің арқасында бір күн ішінде орталықтың қоры 40 литрге жуық қанға толығыпты. Бұл биологиялық материал жол көлік апаты мен өзге де оқыс оқиғаларға тап болған адамдарды құтқаруда пайдаланылады.

 

 

Риат Шони.