МТРА жаңалықтары

Екі елдің ЖОО келісім жасасты

Оңдасын Әшімов- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры

– Бұл екі университтетің арасындағы екі диплом алатын бағдарламаларды жасайды. Жастар 4-5 жылдың ішінде екі диплом ала алады. Кейін ғылыми жұмыстар да екі ел арасында жүргізілуі мүмкін. Ол да біз үшін маңызды мәселе.

Алексей Якуб- Ф.М.Достоевский атындағы ОМУ ректоры


– Бұл біздің оқу орны үшін ауқымды алғашқы келісім болып отыр. Бірақ унивеситеттер арасында байланыс бұрыннан орнаған. Енді сол қатынастарды қағаз жүзіне бекітіп отырмыз. Бұл оқытушылар үшін де студенттер үшін де маңызды. Тәжірбие алмасады. Жалпы үйрететініміз де үйренеріміз де көп.

Кейін келісімнің кей тұстары екі жақпен қызу талқыланды. Меморандум аясындағы жұмыстар осы айдан бастап жүзеге асырыла бастайды. Яғни, теріскей студенттері, ұстаздар қауымы жуық арада Омбы мемлекеттік университетіне барып, тәжірбие алмаспақ.

Лаура Қайыржанова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми жұмыстар және сыртқы байланыс жөніндегі проректоры

– Біздің физика, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының магистранттары осы айдың аяғында Омбы мемлекеттік университетіне 2 жұмаға барады. Олар сол жерде тәжірибе шыңдайды. Ал олар жақтан бізге археологиялық зерттеулер жүргізуге студенттер келеді деп күтілуде.

Жасалған келісім тек оқу ордаларын ғана емес, сонымен қатар көршілес облыстардың да қарым қатынасын нығайтады. Дамуға да тың серпін қоспақ.

Магжан Ахмадина.