МТРА жаңалықтары

Ардагерлерге тағзым!

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігі мен асқақ рухын бүкіл әлемге паш еткен қастерлі мереке. Біз үшін соғыс ардагерлері- Отанға деген сүйіспеншіліктің және қайсарлықтың үлгісі болып табылады. Сіздердің ұлы ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңізге әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Бүгінгі күні қазақстан халқы бейбітшілік, достық және келісім жағдайында өмір сүріп жатыр. Қымбатты ардагерлер және тыл еңбеккерлері! Елімізге жеңіс әкелген батыр, ержүрек ардагерлерімізді, тыл еңбеккерлерін құрметке бөлеу- біздің қасиетті парызымыз.

Бұдан соң аймақ жетекшісі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етті. Сұраған Көпеев соғыс жылдары тылда бел жазбай еңбек еткен. Бейбіт жылдары ІІО қызмет атқарған қария, бүгіндері бейнетінің зейнетін көріп отыр.

Сұраған Көпеев- ІІО ардагері, тыл еңбеккері

 

– Соғыс жылдары майдан даласында ерлік көрсеткен жандармен қатар тылда еңбек еткендердің де бейбіт күнді жақындатуға қосқан үлесі зор. Олар майдан даласына оқ- дәрі жасауға, тамақ дайындауға ат салысты. Сондықтан тыл еңбеккерлерінің де еңбегі өлшеусіз.Олардың ескерілгеніне әрине қуаныштымын.

Салтанатты жиынға сақадай сайланып келген ардагерлер үшін мұндай қайрымдылық концерті алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оны облыстық ІІД орекстрі мен хоры ашты. Бұдан бөлек, шарада ҚР Ұлттық ұланы әскери институтытының курсанттары өнер көрсетті. Әсіресе, карабиндер мен барабаншылардың өнері жұртшылықтың көңілінен шықты.

Мұнда әсерлі би де, әсем ән де болды. Көбіне соғыс жайлы әндер шырқалды.

Жиынға қатысушылар соғыс даласынан оралмаған ержүрек жауынгерлері бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан әртістерге ықылыс гүлі табыс етілді. Мәдени шара жиылғандардың көңілінен шықты.

Магжан Ахмадина.