МТРА жаңалықтары

Табыстың кілтін тапқан жеке кәсіпкердің ісі өрге домалаған

Валентина Мыза – “Мыза” ЖК директоры, Қызылжар ауданы.

-Мен 1997 жылы дүкен жанынан осы наубайхананы аштым. Оған қажетті нан пісіретін 2 қондырғыны Ресейдің Саратов қаласынан сатып алдық. Осылайша, біртіндеп, өндіріс көлемін ұлғайттық. Ол дегеніңіз – тағы да бос жұмыс орындары.

Алғаш ашылған жылдары нан цехында күніне шамамен 200 ыстық бөлке пісірілсе, осы күні өнімнің саны 1500-ден асқан. Ал дайын болған “ас атасы” күн сайын жақын маңда орналасқан 4 ауылдық округтағы бірнеше дүкенге жөнелтіледі екен. Ал басты тағамды әзірлеуге қажетті ұнды мұндағылар тұрақтандыру қоры арқылы төмен бағамен сатып алуда. Осы аптада парвослав сенімідгілер Пасха мейрамын атап өтетіндіктер, қазір наубайхана қызметкерлері мерекелік нанның көлеміне қарай 4 түрін әзірлеу үстінде.

Светлана Акимова – “Мыза” ЖК технологы, Қызылжар ауданы.

-Біздер дөңгелек тәтті нанды 2005-ші жылдан пісіріп келеміз. Өзгелерінен ерекше рецептіміз жоқ. Бастысы – тұтынушылардың көңілдерінен шығарлықтай етіп әзірлеп, пісіреміз.

Ал дайын болған нан өнімдерін кәсіпкердің азық-түлік дүкеніндегі сөрелерден кездестіруге болады. Болшая Малышка селосында 5 дүкен болса дағы, тұрғындардың көбі осы сауда орнына келіп, “ас атасын” сатып алатын көрінеді.

Любовь Дякова – Болшая Малышка селосының тұрғыны.

-Бұл наубайхананың өнімдері көңілімнен шығады. Кәрі адам болғандықтан, нан пісіруге мүмкіндігім жоқ. Сондықтан да күнде осы наубахананың бөлкесін сатып аламын. Бағасы да арзан.

Нәзікжанды бизнес иесінің алдағы жоспары – наубайханаға жаңа қондырғылар сатып алып, нан өнімінің түрлерін көбейту.

 

 

Бакыт Садуакасов.