МТРА жаңалықтары

Сәуірдің 11-і Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын босату күні

Марина Кочергина,Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының қызметкері.

-Тұтқындарды ұстау орындары бара-бара газды камералар мен крематорийлермен жабдықталып, адамдарды жаппай қыру құралына айналады. халық арасында “өлім фабрикасы” аталып кеткен лагерьлерді немістер жаулап алған аймақтарда да тұрғыза бастайды. Ештеңеден тайсалмаған жау кескілескен ұрыста Польша елін басып кіріп, сәби, әйел, кәрі демей Варшаваның 50 мың тұрғынын бір күнде қырып салады. Еңбекке жарамдыларын ит жеккенге айдап, сол елде ондаған концлагерлер тұрғыза бастайды.

Наталья Лунева, концлагерь тұтқынының немересі. Оның атасы Роман Луневты немістер 42 жылдың мамыр айынан 43 жылдың 2-ші қаңтарына дейін “Шталаг IV В” концентрациялық лагерінде ұстап, кейін жазықсыз атып тастаған. Оның денесін “Цайт-хайн” зиратына жерленгені мәлім. Барлығы бұл зияратта 30 мыңнан астам кеңес сарбазы мен 900 000-ға жуық өзге елдің әскери тұтқыны жерленіпті.

Наталья Лунева, концлагерь тұтқынының немересі.

-Менің атам 1942 жылы немістер Харьков қаласын қоршауға алғанда іс-түссіз жоғалып кетті. Менің әжем, әкем оның тағдыры жайлы 2010 жылға дейін ештеңе білмеді. Олар атамды майдан даласында атылып, көмілмей қалған деп ойлап жүрді. Мен атамның концлагерде тұтқында болғанын, оның туған жылын жергілікті мұрағаттан сұрау салып білдім. Бала кезімнен соғыста болған аталарымыз жайлы әжемнен көп еститінмін. Қазір бабамыздың сол ерлігін кейінгі ұрпақ жадында сақтап жүрсе деймін.

Мұрағатшылар бұл күнде жеңістің 65 жылдығына шығарылған “Арманда кеткен боздақтар” деген кітаптың негізінде 6000-нан астам қазақстандықтың, соның ішінде 200-ден астам солтүстікқазақстандықтың есімін анықтады.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры.

-Бүгінде 7 жауынгердің туыстарын таптық. Қалғандарын іздестіріп жатырмыз. Бір әтеген айы, біз Германия, Ресей елшілігіне сұраныс жіберіп, талай мәрте сол елдердің мұрағатын ақтарсақ та, соғыста қаза тапқан қазақтар жайлы материалдарды таппай жатырмыз.

Бүл күні дөңгелек үстелге қатысқан студенттер концлагерде болған солтүстікқазақстандықтардың туыстары, мен ғалымдардан соғыстағы жаудың зұлматы жайлы біраз мағлұмат білді.

 

Берик Касен.