Білім

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары жүлделі оралды

Сағындық Сәрсеков, №6 мектептің оқушысы.

-Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын жарысады, Бітпейтін бір егеспен жарысып жарға барысады. Бұл өлеңдерден толқындардың шебі туралы, ұзындығы, коголентті толқын туралы физикалық тұрғыдан байқауға болады.

Мектеп бітіргелі отырған Сағындық 1 жыл бойғы ізденісінің арқасында Астана қаласындағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетіне оқу грантын жеңіп алып отыр. Гуманитарлық және математикалық бағыттағы екі пәнді ұштастыра білген жас ғалымның ойын құптап, жетекшілік еткен ұстаздары физика мұғалімі Қалқаман Қарабатыров пен қазақ тілі маманы Арайгүл Мұқанова.

Қалқаман Қарабатыров, Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі.

-Әдебиет пәнінің мұғалімі екуіміз бірлесе отырып, Мағжан Жұмабаев лирикасындағы физикалық құбылыстарды зерттеп соны әдебиет пәнімен ұштастыра білу керек болды. 02:41 Бүгінгі күні Мағжан атамыздың көтерілген педагогикалық мәселелері әлі де тексеріліп біткен жоқ. 03:16 Соны зерттеп ашу бүгінгі ұрпағымыздың алдында тұрған міндет.

Сонымен қатар, аталмыш оқу ордасының 11-сынып оқушысы Мақсат Елеукин Байқоңырда өткен ғылыми зерттеу байқауының жүлдегері атанса, Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы пән олимпиадасынан білім ошағының 5 бірдей оқушысы 1-3 орындарды еншілеп, бақтарын сынап қайтты.

 

 

Акбопе Танирберген.