Білім

Петропавл колледждерінде ашық есіктер күні өтті

Жансұлу Тұрғынбекова, 1 курс студенті.

-Мен бұрыннан іс тігуді жақсы көремін. Анам да тігеді. Мен сондықтан осы колледжге түстім. 00:17 Мұнда біз төсек жаймаларын тігіп үйрендік. Үстіміздегі форманы да өзіміз тігіп алдық.

Ал мына тар лабораториялық кабинеттің іші қайнап тұр. Дәл осы жерде, болашақ аспазшылар түрлі тағамдарды даярлап үйренеді. Қазіргі таңда аспазшы және шаштараз – сұранысқа ие мамандықтар. Оқушылар «шаштаразшы-модельер» кәсібі бойынша тәжірибе өтіп жатқан мына кабинетте болса, ұзын және қысқа шашқа жасалатын шаш үлгілерімен танысты.

Надежда Яблонских, Қызмет көрсету саласы колледжінің шаштаразшы шебері.

-Мұнда оқуға деген талпыныспен келеді. Бірінші әр құралды қалай пайдаланылатынын үйретеміз. Одан кейін ақырындап шаш қиюды, бояюуды үйренеді. Бастың формасына қарай кімге қандай шаш үлгісі жарасатынын да айыра алатын болады.

Бүгін колледжге қаланың 3 мектебінен 40-қа жуық оқушы келген. Олар оқу орнының зертханаларын толық аралап шықты. Мұндағы мамандықтарға қызығушылар да табылды.

-Біз осы колледжді аралап шықтық. Шаштараз, аспаздық және тігін фабрикалары. Маған ең ұнағаны аспаздық мамандығы болды.

-Мен осы колледжді толық аралап шықтым. Ең ұнағаны шаштараз мамандығы болды.

Аспазшы-кондитер бөлімінің студенттері ұйымдастырған бұл көрмедегі көздің жауын алып тұрған әр зат иленген қамырдан жасалған екен.

Жұлдыз Бекешева, Петропавл қаласы қызмет көрсету саласы колледжінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі.

-Біздің колледжде бүгінгі таңда 5 мамандық бойынша құжаттар қабылданады. Олар аспазшылар, наубайшылар, және модельер-пішушілер, шаштаразшылар мен мемлекеттік тілде іс жүргізу және мұрағаттар мамандығы.

Аталмыш оқу орны былтырғы жылы 170-тен артық мамандарды даярлап шығарған. Олардың 70% жұмыспен қамтамасыз етілген. Аталған мамандықтар бойынша білім алғысы келетін негізгі және орта мектеп бітіруші түлектер маусымның 20-нан бастап құжаттарын тапсыра алады.

 

 

Акбопе Танирберген.