Спорт

Облыс орталығында ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеуін жетілдіру жөнінде семинар өтті

Сергей Лысенко – М.Жұмабаев ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі.

-Бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа тарту бүгінде маңызды шара. Бұл ретте ауданымызда түрлі мерекелік шаралардың жоспары құрылған. Соның ішінде Президенттік тестілеу де бар. Бұл сынақ ересектер мен қатар балалардың да денелерін шынықтырып шымыр болуға септігін тигізеді.

Жалпы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілері екі деңгейден тұрады. Ол президенттік және ұлттық дайындық деңгейі. Бұл сынақты жасы 9 бен 60-тан асқан кез-келген адам тапсыра алады. Тек дәрігердің рұқсаты қажет. Сынақ тапсырамын дегендердің жасы 9 топқа бөлінген. Әрбіреуінде түрлі спорттық тапсырмалар мен нормалар белгіленген.

Виктор Бестик – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы.

-Президенттік тестілеуді қабылдау екі этаптан тұрады. Ол – қысқы ақпан-наурыз айларында және жазғы сәуір мен мамырда өтеді. Негізі тест 8 жаттығудан тұрады. Сонымен қатар, биыл алғаш рет осы сынақ бойынша ел чемпионаты өткізілмек. Бұл сайыс 4 кезеңнен, яғни аудандық, қалалық, облыстық және де соңғысы бүкіл жеңімпаздардан жасақталған өңір құрамасы болады. Барлығы іріктеліп чемпионатта облыс намысын қорғамақ.

Айта кету қажет, Президенттік сынақты тапсырған адамға арнайы төсбелгі табыс етіледі.

 

 

Риат Шони.