Без категории

Балалар арасында көрме-байқау өтті

Егор Загребельный, дарынды балалаларға мамандандырылған өнер колледжінің оқушысы.

-Менің 2 бірдей атам 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып, біреуі майда даласында іс-түссіз жоғалып кетті. Ал, екінші атам бір қолынан айырылып келді. Мен жеңісті жақындатып, бізге бейбіт өмір сыйлаған ержүрек жандарға алғысымды айтамын. Мен көрмеге қойған туындымды аталарыма арнап салдым.

“Менің есімде! Мен мақтаныш етемін” атты балалар көркемөнер шығармашылығының байқауында үміткерлер қылқалам, түрлі боялардың көмегімен соғыс жылдарындағы адамдардың басынан өткерген түрлі сәттерін, қиыншылықтарын жеткізуге тырысқан.

Жібек Жүзенов, СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері.

-Көрмеге түрлі жанрда орындалған туындылар қойылған. Оның ішінде макарон, ермексазбен орындалған мүсін, танктердің шағын макеттері бар.

ҰОС жеңістің 70 жылдығына орайластырылған көрме-байқауда жүлделі орындарға іліккендерге грамота мен сыйлықтар таратылды.

 

 

Берик Касен.