Денсаулық сақтау

СҚО-да жыл басынан бері күйіп қалған балалардың саны күрт көбейіп кеткен

Зоя Козлова.

-Бірден жедел-жәрдем шақырдық. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті. Қазір жағдайымыз жақсарды. Мұнадай жағдайға бірінші рет ұшырағандықтан не істерімді білмедім. Балама қол ұшын беретін мүмкіндігім де болмады.

Екі күннен соң 7 айлық Вероникаға “аутодермопластик” аталатын ота жасалады. Ол баланың сау жерінен алынған терісімен күйген жерін толықтыру. Жақын күндерде сәби үйіне оралатын болады. Ал бұл бөлімшеде күйік жағдайына арналған 5 орын бар. Бірақ қазір күйік шалып емделіп жатқан аурулардың саны одан екі есе көп. Сондықтан ата-аналардың сәбилерін назардан тыс қалдырмағаны жөн.

Асылхан Жағыпаров, СҚО балалар ауруханасының терапевт-дәрігері.

-Көбіне балалар күйікті абайсызда қайнап тұрған суға отыра қалып, майға қолын салып алып алу арқылы алады. Бұл балалар өте ауыр жағдайда келіп түседі.
Күйіктен қалған тыртықтар баланың болашағына әсер етіп, қыймылын шектейтін болады. Кей жағдайда ауыр жараланған адам көз жұмып кетуі де мүмкін.

бала күйіп қалған кезде ата-ана қандай көмек көрсетерін білмей абдырап жатады. Облыстық балалар ауруханасының терапевт-дәрігері Асылхан Жағыпаров үй жағдайында күйікті емдеуге мүлдем болмайтынын айтты.

Асылхан Жағыпаров, СҚО балалар ауруханасының терапевт-дәрігері.

-Үй жағдайында егер науқас күйік алған жағдайда немен күйгеніне назар аударылады. Көп жағдайда арнайы фурацелин, навакаин ерітінділерімен шаю қажет. Күйікке қарсы қолда бар болса пантанол, аназол дірілернін қолдануға болады. Күйген жерге қаздың майын , болмаса тіс пастасын жағуға болмайды. Өйткені ол өз кезегінде кері зиянын тигізеді.

СҚО балалар ауруханасы күйікті емдейтін құрылғылармен толықтай дерлік қамтамасыз етілген. Десе де мамандарды қалы мүшкіл күйінде келетін емделушілер санының артып отырғаны алаңдатады. Мысалға, жарақаттарды емдеу бөлімшесінде 2013 жылы 123, былтыр 88 бала ауыр күйік жағдайында емделген. Ал ағымдағы жылдың өткен 3 айының өзінде 44 бала тіркеліп отыр. Бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда балалардың ауыр жағдайда күйіп қалу санының күрт артып кеткендігін көрсетіп отыр.

 

Акбопе Танирберген.