Без категории

Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мұражай ашылды

Алмат Мәкішев- Гуманитарлық-техникалық коледжінің қазақ тілі пәні оқытушысы.

-Біздің міндетіміз – өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Мысалы, мұражайды жасаған кезде балалар мен ата-аналары көптеген үлес қосты. Жан-жақтан қаншама көмек жасалды.

Мынау – батырдың сауыт-сайманы. Оны да студенттер өз қолдарымен жасаған.

Айгерім Саурбаева – Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті.

-Сабақтардан кейін қалып, ұлдар темірді дөңгелек қылып кесіп және оған тесік жасады. Ал, біз оны тіктік. Бірақ, содан кейін олар босап кетті де, қайтадан оны қалыңырақ жіппен тіктік.

Сауытта 33 қатардан тұратын әрбір жолда 19 кесіндіден бар. Оларды қыз-бозбалалар өздері қаңылтырдан қайшымен қиып, шегемен тесіп, арасына жіп өткізіп қосқан. Сонда 600-ден астам бөлшек топтаса келіп сауытты құрап тұр. Ұлттық киім-кешек, жастық көрпеше мен қалтаны бір студент қыздың анасы тіккен. Ал, мына зергерлік бұйымдарды әріптестер мен студенттер сыйлапты.

Данаш Хамзина – тілші.

-Ағаштан жасалған мына дүние кезінде қазақтың ұлттың ойыны – тоғызқұмалақты ойнауға арналған. Оны осындағы бір мұғалім мұражайға сыйға тарту еткен. Ал қазір тоғызқұмалақты мынадай тақтада ойнайды.

Осылайша, мұражайдың жәдігерлерін жинақтауға оқу орнының түгел ұжымы барынша қатысуға тырысқан. Алыстан алдыртып, жақыннан жеткізіліп тырнақтап жиналған дүние көпшіліктің қолдауымен ұсынылып отыр. Елім деп аңсап, ұлан-ғайыр жерді жаудан найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап ата-бабамыз Қазақ елінің бүгінгі ұрпағына аманат етті. Ал, жылдан-жылға жалғасып, құндылығын жоғалтпай келе жатқан мол мұраны білу, оны сақтау – жастарға парыз.

Кәрібай Мұсырман – Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы.

-Біздің елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Тарихымызға үңілсек, біз рухы биік, “еңкейге еңкейе білетін, шалқанға шалқая білетін” қаһарман халық екендігімізге көз жеткіземіз. Осы ретте бүгін мемлекеттігіміздің даңқты мерейтойына арнап мұражай ашып отырған Экономикалық-техникалық білім беру кешенінің басшылығына ризашылығымды білдіремін.

Негізінде, осындай мұражай ашу идеясы өткен жылдың соңында пайда болыпты. Содан жөндеу жүргізіліп, іші безендіріле бастаған. Қазақ тілі пәні мұғалімі Алмат Мәкішев енді алдағы уақыта Жібек жолын бейнелеп, бір үлгі жасасам дейді.

 

 

Данаш Хамзина.