Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР ІІМ орынбасары Владимир Божко келді.

Бүгін аймақтағы жағдаймен танысу үшін ҚР ІІМ орынбасары Владимир Божко келді. Вице- министр мінген ұшақ ең алдымен Сергеев қаласына келіп қонды. Мұнда ол су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Марат Омаров- Шал ақын ауданының әкімі.

-Ауданда жедел әрекет ететін штаб құрылған. Оның құрамында 66 адам және 32 техника бар. Көп жылғы зерттеулерге сүйене отыра, біз су басу қауіпі бар деген аудандағы 4 аймақты анықтадық. Сергеевка қаласының шығыс бөлігі, Городецкий селосы және Ақан барақ пен Жаңа жол ауылдары. Барлығы 51 үй мен 100-ден астам адам. Тұрғындар төнген төтенше жағдай жайлы хабардар.

Бүгіндері Сергеев су қоймасына жақын маңдағы кішігірім өзендерден тіршілік көзі келіп құйылуда. Қазір мұндағы су деңгейі 82 пайызды құрап отыр. Мамандар ең қауырт маусым мамыр айының басына болады деп болжауда.

Бағлан Қарабеков- Сергеев су қоймасының өндіріс аумағының жетекшісі.

-Су деңгейі былтырғымен бірдей болады. Сондықтан тасқын болады деген қауіп жоқ.

Бөген тәулік бойы қызметкерлердің жіті бақылауында. Сушылар штаттық режимде жұмыс жасайды. Есіл өзені арнасынан асады деген қауіп жоқ. Десе де сақтық шараларын ұмытпаған абзал.

Владимир Божко- ҚР ІІМ орынбасары.

-Ұлытау ауданында қазір төтенше жағдайы орын алған. 50 жыл бойы онда су басу жағдайлары тіркелмепті. Бүгіндлері міне 63 үй су астында қалған. Қазір әрине көмек көрсетіліп жатыр. Десе де ойламаған жерден болды әрине.

Алда- жалда төтенше жағдай орын ала қалса, барлығы сақадай сай. Қызметкерлер де, арнайы техника да барлығы даяр.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Тағы біз 8 техника алдық. Солардың арқасында жолдарды ақ ұлпадан арылттық. Барлық су өткізгіш құбырлар тазартылды. Олардың саны 481. Жалпы қауырт маусымға ауданда 2 мың тонна жанар- жағармай, 350 тонна инерттік материал даяр. 2 мыңға жуық қаптар әзірленді.

Кейін ІІ министрдің орынбасарына төтенше жағдай бола қалған жағдайда әркет ететін қызметтердің жұмысы көрсетілді. «Апат айтып келмейді» сондықтан алғашқы дабыл қағылғанда осы қызметкерлер халыққа көмек қолын созатын болады. Құтқарушылар, медицина, байланыс, көлік саласының өкілдері және тәртіп сақшылары бар. Соңғылары хзалықты уақытылы хабардар етіп қана қоймай, олардың мүлкінің қолды болмауына да жауапты.

Владимир Божко- ҚР ІІМ орынбасары.

-Барлық учаскілік инспекторлар су тасқаны қауіп төндіретін ауылдарды бақылап, күнде тексеріп отыруы керек. Кішігірім жағдайлар бола қалған күннің өзінде халықты ақпараттандыру керек. Бірігіп жұмыс жасасақ осындай төтенше маусымды ойдағыдай өткереміз.

Ішкі істер вице- министрі қаз қатар тізілген әр қызметке жүктелген міндетті айытып берді. Тек осылардың кәсібилігі мен сапалы, әрі жылдам жұмысының арқасында жедел тұрғындарға көмек көрсетуге болады.

Марал Жолмұқанов- Шал ақын ауданы өрт сөндіру бөлімінің бас маманы.

-37 техника мен 60-тан астам адам қауырт маусымда жұмыс жасайды.

Жалпы өңірде су басу қаупі басым 18 елді- мекен бар. Олардың барлығында қазір тиісті шаралар қолға алынған.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Өңір бойынша 1100-ден астам техника төтенше жағдай бола қалса жұмыс істеуге даяр. Қазір су басу қауіпі бар елді- мекендер анықталып, дайындық шаралары жүргізілуде.

Өткен жылы бұл мезгілде теріскейдегі қалың қардың 50-60 пайызы еріп, жерге сіңген болатын. Биылғы жағдай былтырдыған өзгеше. Сондықтан аймағымызға ат басын бұрған ІІ вице-министрі Владимир Божко төтенше жағдай бола қалса, тұрғындар көмек көрсететін қызметткер келгенше, қауіпсіздік шараларын білгені дұрыс дейді.

Владмир Божко- ҚР ІІМ орынбасары.

-Ең бастысы дайындық шаралары. Қарды уақытылы шығарып, жұмысты дұрыс атқарған жөн. Апат бола қалған жағдайда, тұрғындар абдырап қалмай,атқарушы билікпен етене жұмыс жасауы керек. Сақтық шараларын ұмытпай, құжаттарды өзімен алып жүруі шарт.

 

Магжан Ахмадина.